"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылғы «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған қызмет туралы есебі

02.03.2018

2017 жылғы «Ақкөл аудандық  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет

көрсету саласында атқарылған қызмет туралы есебі

 

  «Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ- сі  24 қызмет  көрсетеді:

1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру.

2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)

қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге,

ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және

кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру.

4. Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін

қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың

анықтамаларын беру.

5. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды

кезекке қою.

6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды

қабылдау.

7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша

оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына

құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ

уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін

құжаттар қабылдау.

9. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және

оқуға қабылдау.

10. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.

11. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.

12. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру.

13. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру.

14.  Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау.

15.  Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру.

16.  Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау.

17. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою.

18. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты

біржолғы ақшалай төлемді тағайындау.

19.  Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

 20 . «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау.

21. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау.

22. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына

қатысу үшін құжаттар қабылдау.

23. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік

санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.

24. "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру".

2017 жылғы көрсетілген қызметтер саны-2158, оның ішінде мемлекеттік органдарда қағаз

түрінде - 1647 қызмет, мемлекеттік корпорацияға - 119 қызмет, электронды үкімет порталы арқылы - 392 қызмет көрсетілді. 

Халықты ақпараттандыру мақсатында аудандық газеттерде көрсетілетін қызметтер жөнінде

мақалалар жарияланады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде мектептерде ақпараттық стендтер көрнекі

безендірілген.

2017 жылы 13 желтоқсанда бөлім басшысы Әшімов К.Қ. және білім бөлімінің бас мамандары Әдежанова Р.Г., Иманқұлова С.С. мемлекеттік қызметтер көрсету  саласында  біліктілікті көтеру курстарынан өтті.

Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетуде шағымдарды есепке алу,

мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің сақталуына бақылау  журналы жүргізіледі. 2017 жылы мемлекеттік

қызметтер көрсету бойынша шағымдар тіркелген жоқ.

Просмотров: 437

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст