ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларына арналған тыйым салынған өнімдердің жаңа тізімін ұсынды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен бірігіп бұдан былай мектеп тамағында пайдалануға тыйым салынған өнімдердің жаңартылған тізімін ұсынды. Тізімге құрамында жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер бар өнімдердің барлығы кірді. Бұған қоса, енді мектеп тамағында пастерленбеген сүт, термиялық өңдеуден өтпеген сүзбе мен қаймақ, сондай-ақ суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен еті, құс етінен жасалған коллагенді шикізат және тағы басқаларды пайдалануға тыйым салынды. Мектеп асханасында келесі өнімдерді дайындауға және сатуға тыйым салынды: айран, сүзбе; фаршталған құймақша; флотша макарон; зельц, форшмак, сілікпе, паштет; кремді кондитерлік бұйымдар; морс, квас; фритюрда қуырылған бұйымдар; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқа; күрделі (төрттен көп өнімнен тұратын) салаттар; қаймақ және майонез қосылған салаттар; окрошка. Келесі өнімдерді сатуға тыйым салынды: фастфуд: гамбургер, хот-дог, чипс, кептірілген нан; құрамында жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер бар тамақ өнімдері (тәтті сусындар, сүтті-шоколадты батончиктер мен пішінәйлар, шала қақталған гастрономиялық ет өнімдері, шұжықтар және тағы басқалар). Бұзушылықты анықтаған жағдайда ата-аналарға ҚР ДСМ ҚДСК-ге және оның аумақтық бөлімшесіне жүгіну ұсынылды.