Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын¬да: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады», дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді.
Осы орайда, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында жалпы халықтық диктант «Ел барда, ер ұмытылмайды» тақырыбында өтті. Диктантқа мектеп қызыметкерлері және 8-11 сынып оқушылары, барлығы 32 адам қатысты.