Текст
Ауыл мектептерінде оқитын балаларға арналған республикалық бағдарлама аясында мектебіміздің 8-сынып оқушылары «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысты. Олимпиада мақсаты: ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа қол жеткізуге көмек беру. «Айқанат» олимпиадасына ауданымыздың барлық ауыл мектептерінен 96 оқушы қатысты. Қазіргі сәтте республика кезеңіне 6 -оқушы іріктеліп білімдерін дәлелдеп шықты. Оларға сәттілік тілейміз!