Текст
2023 жылғы 27 қазанда Ақкөл қаласы, Ж.Бектұров атындағы No3 орта мектепте «Озық педагогикалық тәжірибе: тәжірибе, мәселелер, даму стратегиясы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты: жаңашыл педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату. Бұл семинарға Ақкөл, Аршалы, Целиноград, Шортанды, Қосшы және Степногорск қалаларының мұғалімдері қатысты. Секциялық отырыстарда жаратылыстану- математикалық бағыт, қоғамдық гуманитарлық бағыт, бастауыш білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық технологиялары, сабақта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және т.б.сұрақтарды талқылады