Текст
Біздің мектепте Азаматтық қорғаныс айлығы шеңберінде төтенше жағдайлар туралы сынып сағаты өтті. Бұл-өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, қар көшкіні, дауыл, апаттар – жазатайым оқиғалар. Мақсаты: балаларды төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру, өз өміріне және басқа адамдардың қауіпсіздігіне маңызды қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету, үйде, көшеде, көлікте қажетті қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру, өзіне деген сенімділікті, адамдарға көмек көрсетуге деген ниетін дамыту.