«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін республикалық «Ақберен» өнер байқауының Ақкөл аудандық кезеңі "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек ауылының Кеңес Одағының батыры,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі " КММ базасында өтті. "Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драма) " номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Джумасанов Жангир ІІ орын, Эссе жазу бойынша 8-сынып оқушысы Жанайхан Диляра ІІІ орын, 11-сынып оқушысы Рашева Медина ІІІ орынды қанжығалады. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз.