Текст
"Новорыбин орта мектебі-бақшасы " ММ-де «Мен ҚР азаматымын"атты іс-шара өткізілді. Бұл біздің еліміздің тарихын, заңдарын білуге арналған интеллектуалды ойын болды. Ойын өткізудің мақсаты мен міндеттері оқушылардың құқық негіздері бойынша білімдерін тереңдету, азаматтық сезімдерін қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ойынға 6-8 сынып оқушылары қатысты. Балалар үлкен қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді, қарсыластардың жауаптарын мұқият тыңдады, оларды толықтырып, нақтылады. Сайыс қорытындысы бойынша 7 "Б" сынып оқушысы Шокодько Родион жеңімпаз атанды.