Акция туралы ереже
Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу тәртібін, мәртебесі мен мақсат-міндеттерін айқындайды.
1.2 Акция мекемесіне жататындар:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
ҚР Кітапханашылар ассоциациясы
1.3. Акцияның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.
1.4. Міндеттері:
ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету;
мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне қатысы бар басқа да мамандарды оқу мәселесіне тарту;
ықтимал оқырмандарды тарту;
баспагерлер ұйымының қазақстандық авторлар кітабын басып шығаруға деген қызығушылығын арттыру;
әлемдік әдеби процесске қазақстандық авторларды да ықпалдастыру.
1.5. Акция мазмұны: Бүкіл елдің бір кітапты бір мерзімде оқып шығуы және талқылауы. Осы кітапқа арнап, түрлі іс-шаралардың өткізілуі.
Акцияны өткізу үшін ауызша сұрау, телефон арқылы сұрау немесе сауалнама жүргізу арқылы оқу орындарындағы, ұйымдардардағы, мекемелердегі азаматтардың ұсыныстарын білу жолымен кітап таңдалады.
1.6. Акцияға қатысу үшін қаралатын кітаптар:
а) ұлттық гуманизм идеялары мен жалпы азаматтықты, тарихи-мәдени дәстүрлерді, тарихи тамырластық пен осы заманғы еліміздің дамуын бейнелейтін;
б) жанрлық жағынан сан алуан;
в) көркемдік құны жоғары;
г) барлық жастағылар үшін қызықты;
д) кітапханалар мен кітап дүкендерінде саны жеткілікті;
е) пікір сайыстыруға ынталылық тудыратындай.
Акцияға қатысу үшін БАҚ және телекомпаниялар мен радиостанциялардың, басылымдардың жеке тілшілері, сондай-ақ басқа да шығармашылық бірлестіктер мен жеке тұлғалар шақырылады.