Мемлекетіміздің
білім беру үдерісіне
енген
жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек
ұрпақтыңсұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қазақстан - 2050
стратегиялықбағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және
Қазақстанныңбілім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен
сипатталады.Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс
тілі және ағылшын тілі –
әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақтажан-жақты
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман
талабы болып оты
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім
берудің мазмұны
жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және
технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру
бағдарламасының негізгімақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды
бағалау жүйесін тиімділігін
арттыруды талап
етеді.Жаңартылған білім беру бағдарламасы
бойынша жалпы
білім беру ұйымдары басшылары мен оның орынбасарларына арналғанкурсының
тақырыбы «Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңартуаясында жалпы
білім беру ұйымдары басшылары және басшыларының орынбасарларының
біліктілігін
арттыру», ал курстың мақсаты - Қазақстан Республикасында орта
білім мазмұнын
жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдары басшылары жәнебасшыларының орынбасарларының
педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы барлық
мектептердің бірінші сынып оқушылары жаңа жобаға сәйкес 5
күндік оқу кестесі
бойынша білім алып жатыр. Мұғалімдер оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуге
қарқынды жұмыс жасап жатыр. Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі — пәндер
бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Жаңаданенгізілген пәндер қатарында, ағылшын
тілі, жаратылыстану және ақпараттық технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты
жүргізілетін пәндер бар.
Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және
биология пәндері) дүниетану пәнінде
(география, тарих,
қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жекеленген пәндерде үш тілділік мақсатты
жүзеге асыруда тақырыпқа қажетті тірек сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
сабақта қолданылуы жүзеге асады. Оқу мақсаттары белгіленіп беріліп, сол мақсаттар
бойынша оқушылардың оқу жетістігін «жетті»,«талпынды» деп бағалау жүргізіледі.
Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегіоқушының үлгерімін көрсететін портфолио
жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылады.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның
мәні баланың функционалды сауаттылығынқалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін ө мірінде қажеттілігіне жаратып,
пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты,
қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз
пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс
істей алады. Белгілі Қытай пәлсапашысы Конфуцийдің: «Мен саған балық берсем, сен бірақ күн тоқ боласың, ал енді мен саған
қармақпен қалай балық аулауды
үйретсем, сен өмір бойы тоқ боласың» – деген сөзі оқушыларды да, мұғалімдерді де әрекет етуге
ынталандырады.
Осы
бағытта жүзеге асырылған игі шаралардың бірі – еліміздің білім
сапасын әлемдік деңгейге жеткізетін мұғалімдер қауымын қайта даярлау
курстарының қарқынды жұмысы көңілге қонымды.
Курсқа
келгенге дейін үздік мұғалім
болу үшін ең бастысы – оның білімі деп білдік. Берген біліміңді оқушылардан
талап ете білсең, балалар да білімді болады деп санадық. Алайда осы курсқа
келгелі, жаттанды, дәстүрлі білім балалардың шығармашылық қабілетін, сыни
ойлау тұрғысын тежейтінін, алған білімдерін көп жағдайда, өмір белестерінде қолдана
алмайтынына көз жеткіздік. Қазір жеткен жетістігіміз десек болар, әлде түйгеніміз,
түсінгеніміз - балаларды қызықтырып, берілетін тақырыбыңды сантүрлі әдіс -
тәсілдермен түсіндіру оқушылардың білім сапасын ғана емес, сонымен қатар
олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ұғындық.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасын
оқып-үйрену,біліктілікті арттыру
барысында осындай өте тиімді тұстарына теорияжүзінде де, іс-тәжірибеде жүзінде
де көз жеткіздік.
Жаңартылған
білім беру бағдарламсы аясында
ХХІ
ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы
үшін – ең әуелі сапалы білім қажет.Ол үшін еліміздің білім саясатындағы
ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы
ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық
дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі
инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі
мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің
қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру
кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда
жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын
тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.
Қазіргі
заманғы мәдени, әлеуметтік, экономикалық үдерістерде білім берудің шешуші
демегеннің өзінде, түйінді рөлді атқаратыны белгілі. Бір жағынан, адам сапасы
ғылым, техника, технология мен мәдениеттің жоғары жетістіктеріне сай келмей
тұра алмайды, ал екінші жағынан, бұл жетістіктерді игеру, еселей түсу, сақтау
қажеттілігі адамның өзінің сапасына бұрыңғыдан да жоғары талаптар қояды.
Бүгінгі қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі
секілді, зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім беруге жаңа
көзқарасты қалыптастыру, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы
алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау міндеті тұр. Сол себепті ХХІ ғасырда
еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін
жалпы орта білім беру жүйесіне өзгеріс еңгізу маңызды қадамдардың бірі олып
отыр. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас
жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді,
адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен
кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және
әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық
шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және
жұмыс істеуге дайындауы керек
Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және
азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге да. йындай отырып,
ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік
дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек», деп келтірді Жоғарыда
келтірілген тұжырым Қазақстанның білім беру саласына өзгеріс қажеттілігін анық
көрсетеді, сондықтан сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай
деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа
мазмұндағы білім беру жүйесін мектептерге енгізу үшін орта білім мазмұнын
жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы
бойынша өткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курстары айтарлықтай үлес
қосатынын мұғалімдер жалпы курстың барысында көз жеткізді. Бұл
біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу
арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын
жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады.
Бағдарламада білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен
алғышарттары қарастырылады және төменде келтірілген мәселелер туралы сөз
қозғалады. Бағдарлама біліктілікті арттыру курсының мақсаттарын шолудан
басталып, жалпы білім беруді реформалау жөніндегі кең ауқымды жұмыстарға қарай
көшу түрінде құрылымдалған. Бағдарламаны меңгеру барысында мұғалімдер әр
оқу пәні бойынша мазмұндағы ұстанымдардың өзгерісін байқайды: сызықтық ұстаным
спиральдік принципіне алмасуын, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен
және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылуын
қарастырады. Мысалы, бастауыш сыныптарға арналған математика пәні бойынша
спиральді білім беру бағдарламасындағы ілгерілеуді оңай көруге болады, айталық
оқушылар қосу және алу тұжырымдамаларының негізінде өткенді қайталайды және
жаңа білім қалыптастырады: Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты – білім
беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан
мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс барысында мұғалімдер
жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын
біліп түсінумен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес
педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуді меңгеруде.
Бекітілген оқу жоспарына сәйкес, жаңартылған білім беру бағдарламасы,
оның құрылымы, тиімді оқу үдерісін жүргізуге қажетті педагогикалық
әдістемелермен және қолданылатын бағалау тетіктерімен жүйелі түрде таныстыруды
қамтамасыз ету мақсатында бірнеше пәнде бірқатар ұқсас сабақтар бар.
Бұдан соң мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік
аспектілерін меңгеруге кіріседі. Мұғалімдер білім беру бағдарламасына негіз
болған теориямен танысып қана қоймай, бұл теорияны тәжірибе жүзінде іске
асыруға қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін оқыту тәжірибе жүзінде және
белсенді өтеді.Одан кейінгі бірнеше күн бойы мұғалімдер оқу бағдарламасы мен
сабақ жоспарын талдауға уақыт арнайды. Бастауыш сыныптың әр пәні бойынша
сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер ескерілуі тиіс көптеген мәселелерді
қарастырады.Мысалы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтау,
оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру, сонымен қатар,
қалыптастырушы және жиынтық бағалауды сабаққа енгізу мен тапсырма барысында
саралауды жоспарлау. Мұғалімдерге сабақтарды тиімді
жоспарлауға көмектесетін ақпарат, ұсыныс-болжамдар, кеңестер мұғалімне аранлған
нұсқаулықта келтірілген.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының бір бөлімі
ретінде мұғалімнің осы курс барысында қарастырылатын мәселелерді түсінуі,
әдіс-тәсілдерді қолдануы бағамдалатын болады.Мұғалімдерді бағамдау аспектілері
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптарды оқыту үшін талап
етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салаларға бөлінген Әр сала
төрт деңгей бойынша критерийлерге сәйкес бағамдалады Критерийлерге қарап
әрбір мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтайды.
Мұғалімдер бағамдалатын
барлық аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес. Курс барысында бағамдау
қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімге ол аспектілерді меңгеруге қолдау
көрсетілетін болады.
Қорытындысында, мұғалімдер
өзара рефлексия және метатану тапсырмаларын байланыстыра отырып, біліктілікті
арттыру курсының оқу мақсаттары тұрғысынан өздерінің алға ілгерілеуін
қарастырады.
Аз уақыттағы біліктілікті
арттыру курстарында мұғалімдер білім беру жүйесіндегі өзгерістерді түсініп,
енгізуге дайынбыз деп өздерін бағамдағанымен, мазмұнды жаңарту аясындағы жаңа
белестерді бағындыруда талай күш қажет екенін түйіндеп кетті. Біліктілікті
арттыру курсының басты мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және
критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық
шеберлігін жетілдіру.Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының
құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар, жаңартылған
білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын
қолдана білуді меңгеруде. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және кретириалды бағалау жүйесін
енгізу арқылы мұғалімдердің педагогикалық кәсіби шеберлігін жетілдіру болып
табылады. Оқу барысында жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік
дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары
қарастырылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді
мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай»
демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.