Мектепалды лагер жұмысының іс-шарасын
«Күлкі күні»
Мектепалды лагерінің тәрбиешісі : Жетписбай М.Ж.
Мақсаты: балалардың
мерекеді белсенділігі арқылы, көтеріңкі көңіл күйін туғызу.
Міндеттері:
• Балаларды «Күлкі күні» мерекесімен таныстыру;
• Мерекенің кейіпкерлеріне қызықтыру;
• Балаларда мейірімділік, достық, ынтымақтық
сезімдерін тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Тинки және Винки сайқымазақтары
Қолданылатын құрал-жабдық: шарлар, баян,
сыбызғы, аттар, үскіріктер, сабын көпіршіктері, ойыншық салғыштары.
Алдын ала жұмыс жасау: балалармен «Күлкі күні»
туралы ән жаттау, балаларды осы мейраммен таныстыру, балаларға күлкілі киім
киіп келуді айту.
Ойын-сауықтың
барысы:
Музыка залының алдында труба тұрады. Балалар осы
трубадан өтіп залға кіріп отырады.
Музыка ойнайды залға екі сайқымағақ кіреді.
Біреуі баянда ойнайды, екіншісі сыбызғыда ойнайды. Күлдіргі биді билеп кіреді.
Балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен
қайталауды ұсынамын.
Кел, балалар, күлейік!
Қабақ түйген не керек,
Кел балалар, күлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күлкіменен түлейік!
Көңілді боп жүрейік!
Күлкіменен түлейік!
Күліп өмір сүрейік!
Тинки: Ой, сәлеметсіздер ме?
Винки: Сәлем, достар! Сендер бізді таныдыңдар ма?
Тинки: Біз кім боламыз?
Балалар: Сайқымазақтар!
Винки: Әрине! Біз сендерге қайтадан келдік. Бүгін күлкі күні
және біз сендерді көңілдендіреміз. Мен – Винкимін. Ал ол – Тинки.
Тинки: Эй, Винки! Мен өзімді өзім таныстыра аламын.
Сендерді көруге қуаныштымын – Тинки! Мен әлемдегі ең күлкілі сайқымазақпын.
Винки: Бұл мен ең күлкілі сайқымағақпын.
Тинки: Винки, күлдіртпеші мені.... мен ең күлкілі
сайқымазақпын!
Винки: Балалар, ең күлкілі мен ғой, айтыңдаршы!
Тинки: Ал онда жарысайықшы... Кім жарыста жеңсе, сол ең
күлкілі сайқымазақ болып саналады.
Ойын:
«Жүйрік ат ойыншы».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, эстафета түрінде балалар бір бірінің
артынан ұстап ат сияқты шапқылайды.
Сайқымазақтар: Уф, шаршадым!
Жүргізуші: Тинки, Винки, біз сендердің дауларыңды шештік. Сендер
екеуің де әлемдегі ең күлкілі сайқымазақсыңдар. Сайқымазақтар: Алақай, әкел бесіңді! (қуанады)
Винки: Балалар, сендер әуе шарларды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә.
Винки: Онда шарлармен ойын ойнайықшы.
Ойын «Шарды досыңа беріп жібер»
Ойын шарты: балалар орындықтарда отырып шарларды бір біріне береді. Ойынға 10-15 шар алынады.
Тинки: Балалар, қараңдаршы қаншама шар бар бізде.
Винки: шарларды ақырын инемен жарып тастайды. Тинки шошиды.
Тинки: Ой, ой, ой, ой, бұл кім мылтық атқан? (басын тығады)
Винки: жерге құлап күледі.
Винки: Тинки, сен қандай қорқақ екенсің.
Тинки: Сен олай қалжыңдама.
Винки: Жарайды, енді олай істемеймін. Балалар, ал сендер сабын көпіршіктерін жақсы көресіңдер ме?
Тинки: Ал енді сендедің алдарыңда, сабын көпіршіктері шоу.
«Сабын көпіршіктері» шоу. (Сайқымазақтар өткізеді)
Тинки: Жақсы. Ой, мен көңілденгенді жақсы көремін. Және мен күлгенді жақсы көремін. Ал сендер күлгендір жақсы көресіңдер ме?
Винки: Ал, қане қалай күлетіңдеріңді көрсетіңдерші бізге!
Балалар музыкамен күледі. Сайқымазақтар оларды қаттырақ күлуді сұрайды.
Тинки: Күлкі күні – өте көңілді күн. Және бүгін көп күлу керек, өйткені күлкі адамның өмірін ұзартады.
Винки: Ал онда ең әдемі күлімсіреу сайысын өткізейікші. Кімнің тобы ең күлкілі күлімдесе, сол топ жеңеді.
Тинки фотоаппаратпен жүгіріп балаларды фотоаппаратқа түсіре бастайды. Жерде жатып, ийық астынан түсіріп. Балалар фотоға түсіп майысады.
Тинки: Так, так, так сендердің фотоларың дайын. Күлкілі суреттерді әкеледі. Ал енді маған фото үшін ақша төлеңдер.
Жүргізуші: Ал бізде ақша жоқ.
Винки: Онда сендер бізге жүз рет шапалақтаңдар. Сол үшін «Шапалақ» ойынын ойнайық.
Ойын «Шапалақ» ойын музыкамен өткізіледі.
Винки: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін уақытты көңілді өткіздік. Тіпті ән айтқым келіп қалды.
Жүргізуші: Тинки, Винки, сендер бізге өте көтеріңкі көңіл күй сыйладыңдар. Сондықтан біз сендерге осы әнді сый ретінде орындап береміз.
Ән «Көңілді күн»
Тинки: Үлкен рахмет, сендерге балалар! Ал осы күлкі күнін жалғастыру үшін біз сендерге сыйлықтарды әкелдік.
Сайқымазақтар балаларға сыйлықтарды сыйлады.