"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Ауған соғысы – қасірет соғысы

04.02.2018

 

Тақырыбы:  Ауған соғысы – қасірет соғысы

Мақсаты: Ауған соғысының тарихымен таныстыру. Соғыстың

қасіретін ұғындыру

Міндеттері:

1.      Өз

Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін

үлгі ету.

2.      Ауған

соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге

тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: 

плакат , суреттер, нақыл сөздер, шарлар

 Сабақ

барысы:

І

. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды

түгендеу.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халыкта

Кім айта алар

Болмаған,-деп-Әнұран?!

Әнұран орындалады.

ІІ.

Негізгі бөлім

І- жүргізуші–

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар!

ІІ- жүргізуші: 1979ж

желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін

енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс -зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих

жылнамасынан өзінің қаралы, нәубәт жылдарымен орын алған зұлматтың бірі- Ауған

соғысы.

Ерасыл: Құрметті

қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлық , қайсарлықтың үлгісін көрсетіп,

қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс

ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Санжар: Жау дейміз -ау, қолдан жасап

жауыңды,Саясаттың солақайы уландырған тамырды

Бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің

ол сұрапылды, дауылды кезеңі еді.

Шынар:Тарихта

сәуір төңкерісі деген атпен қалған 1978ж 27 сәуір күнгі оқиға Ауғанстандағы

шахтық режимнің құлауымен бірге, соғыс өртінің өршуіне алып келді. Осы

революцияны социалистік бағытқа бұру үшін Кеңес Одағының басшылығы Ауғанстанға

әскер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл -ешкіммен ақылдаспаған, қарапайым

халықпен санаспаған шешім еді.

Мейрамбек:1979ж

желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңес әскерлері енгізілді. Ауғанстан

Республикасының интернационалдық мақсатты ұстанған әскерилердің құрамында 4

дивизия, 5 жеке бригада, 4 жеке полк, 4 авиациялық, 3 тікұшақ бөлімдері, 1

сумен қамтамасыз ету бригадасы, бірнеше шекара мен ішкі істер әскерлері, аты

аңызға айналған 40-шы армия, жалпы саны 620 мың Кеңес әскерлері ауған жерінде

бейбітшілік орнату үшін қатысты.

Ерасыл: Өкінішке

орай сол кезде Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанды бұл қанды соғыс сырт

айналып кеткен жоқ. Қазақстаннан 22 мың сарбаз бен сардарлар аттанды.Соғыс

жылдарында 500 мың ауғанстандық және 14453 кеңес сарбаздары ұрыс даласында қаза

тапты. Олардың 761-і Қазақстанның үлесіне тиді. Бірнеше мыңдағаны мүгедек болып

қалды.

Шыңғыс: Дұшпан

қолында қалған және із-түзсіз жоғалған 417 кеңестік жауынгердің 21-і

қазақстандықтар, ауған жерінде 70 жамбылдық қаза тапқан. 1 жігіт хабар-ошарсыз

кетті.

Санжар: Осындай ауыр аманат арқалап, өмір

мен өлім белдескен қанды шайқаста қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен

қаһарман жерлестеріміз біздің арамызда. Олардың біреуі бүгін біздің қонағымыз.

Ол- Қиялов Тобағабыл ағамыз.

 

Шынар:   Армысыздар,

ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар, жараланған, жаныңды емдер.

 Өлгендердің  жәннәттә болсын

жаны

Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер!

Ерлік қылған

ағаларым, аспанасты, жер үсті,

Біз сәндікке

кигенбіз шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

 Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып

Әндететін кезің еді төс керіп,

Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып

 Мейрамбек:

Отан үшін отқа тос кеудеңді

Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды,

жерленді.

Жебейді олар аруағымен сендерді

Аналардың көл боп аққан көз жасы

Жетім-жесір тағдырларын ойлашы

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз

Елі үшін құрбан болған ер басы.

  Санжар: Бұл

жарияланбаған, жұмбақ соғыс,  жеңімпазы жоқ соғыс 1989ж 15 ақпанда

аяқталды. Сол күні Кеңес әскерлері Ауған жерінен түгелдей шығарылып бітті. Биыл

осы соғыстың аяқталғанына  25 жыл толып отыр.

Ән

«Атамекен».

Ерасыл:  Қазақстандықтарда ел аузында «Жұмбақ соғыс» аталып кеткен жан алып,

жан беріскен қырғында отансүйгіштіктің, патриотизмнің ерен үлгісін көрсетті.

Оның ішінде Жамбыл облысынан азаматтық борышын өтеуге шақырылған мыңдаған

жауынгер Кеңес Одағының әр қиырындағы әскери бөлімдерден аттанып, ауған жерінде

қан-қасапқа түсті. Оның 68-і жарияланбаған соғыстың құрбанына айналса, Сарысу

ауданының Саудакент ауылының тұрғыны Ораз Исқақов хабар- ошарсыз кетті.

Шыңғыс: Қазір облысымызда 1250 ауғандық жауынгер болса,

оның 89-ы екінші топтағы мүгедектер. Ауған соғысында 12 жерлесіміз жауынгерлік

«Қызыл жұлдыз» орденімен, 141-і «Ерлігі үшін» және «жауынгерлік ерлігі үшін»

медалімен наградталған.

 

Санжар: Сонымен қоса барлық жауынгерлер «Ауған халқының ризашылығы», «Жауынгер-

интернационалист», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» медальдарын иеленген. 2003

жылы ауған соғысында қаза тапқан ауғандық жамбылдық жауынгерлерді мәңгі есте

сақтау мақсатында «Боздақтар» атты кітабы шығарылды. Тараз қаласында ауғандық

қаза тапқан  жауынгерлерге арнап ескерткіш орнатылды.

 

 Шынар: Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

«Өлгендерді тірілту ешкімнің қолынан келмейді, ал оларды есте қалдыру- біздің

қасиетті борышымыз» деген болатын. Ауған соғысы ардагерлерінің егеменді

еліміздің нығаюына , кемелденіп- өркендеуіне қосқан үлесі шексіз. Демек, біз

жас ұрпақ осы ағаларымызды құрметтеп, әрқашан үлгі тұтуымыз керек. Ауғанстан

жерінде ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

Мейрамбек: Бүгін халқымыз үшін айтылы мереке- қанды соғыстың аяқталып,

сарбаздарымыздың аман-есен елге оралып, бейбіт өмірге кірген күні. Бұл күнді

тек өлең-жырмен атап өту парызымыз. Ендеше ендігі кезекті өлең-жырға береміз!

 

Ән  « Ақ

көгершін»

 «Ұлдар» тобының орындауында ән: «Туған жер».

 

І- жүргізуші : «Ауған соғысы – қасірет соғысы» атты тәрбие сағаты

осымен аяқталды. Отанымыз тыныш, патшамыз аман, бейбіт өмір сүріп, көк туымыз

аспанда шарықтай берсін!!!

Просмотров: 2733


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст