Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне » байланысты
Новорыбин орта мектебі-бақшасы бойынша
өтілген іс-шаралар.
«Тіл – ұлттың жаны» деген екен Мағжан Жұмабаев. Сол жанның ендігі тағдыры бүгінгі ұрпақтың осынау асыл мұраға деген қатынасына, көзқарасына, тарих пен кемелді келешек алдындағы өз міндетін қалай түсінетіндігіне байланысты. Ал санаға сәуле себер сондай тұрлаулы түсінік пен ұлағатты ұғым қалыптастыру-тіл құдіретінің парызы.Халел Досмұхамедұлы айтқандай «Мектептің тілі бола алмаған тіл –
мемлекеттің де тілі бола алмайды» демекші біздің мектебімізде тіліміздің тұғыры қазақ тілі бір өзінше мәртебе болса, орыс тілі мен ағылшын тілі де өзіндік үлесін қосып жатқан көптеген белестерден көріне білген достық тілі.
2018 жылында мектеп бойынша мемлекеттік тілдің толық қолдану барысында көптеген іс-шаралар орындалды. Оқу жылының басынан дәстүрге айналған Тілдер мерекесіне
орай онкүндік іс-шаралары үлкен дәрежеде өтті. Әрқашанда жауаптылықты
тіл мамандары арқалап алып, жоғары деңгейде өткізеді.Осы мерекеге орай ауданды «Тіл халық жанын танудың кілті» атты аудандық сайыс жүрілді. Сайыстың да өзіндік талаптары мен ережелері бойынша әділ түрде жүрілді. Сайысқа жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жетпісбай Мұхтар Ахмедияұлы және Бардаль Олеся Иванқызы ағылшын тілі пәнінін мұғалімі болды. Сайысқа 10 мектеп қатысты сайыс 4-кезеннен тұрды
1. «Бәйге » үш тілде сөздерді аудару
2. «Жұмбақ сандық» Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сұрақтар
3. «Мақал-мәтелдер»сайысы
4. «Полиглот» билеттік жүйе
1-ші орынды Новорыбин орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сандр Ангелин жеңіп алды ал Гран приге ие болған Ақкөл №2 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Асафова Валерия ұтып алды. №1 Гнивашев
Тимофей жеңіп алды Горки орта мектебінің оқушысы 3-орынды Работагова Жанна жеңіп алды.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. Онкүндіктің қорытындысы ретінде әдеби
сазды кеш өтті. Бұл кеште үш тілдің татулық достық тілі екендігін аңғартты. Әр аптаның бірінші
күні мектебімізде мемлекеттік әнұран шырқалады. Яғни бұл тілге деген құрмет, отанға деген ізет деп
білеміз.