Текст
Ұйымдар тізімі
01.04.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Новорыбинка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9–11 сынып оқушылары арасында «Некнижная закладка» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Фильмдерді көргеннен кейін оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, оның мақсаты — көрсетілген материалдың мазмұнын түсіну деңгейін және оқушылардың көтерілген мәселелерге деген көзқарасын анықтау болды.




