Мектеп бітіруші сыныптар үшін пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта өтеді
⠀
📚Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020-2021 оқу жылының III тоқсанынан бастап оқу процесі ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша 1-5 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарда дәстүрлі форматта жалғасады. Бұл ретте мектептерде санитарлық талаптар сақталып, бір сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы тиіс.
⠀
📚Сондай-ақ оқушылар саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта жалғасады.
⠀
📚Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады: пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта, ал 30%-ы қашықтан оқытылады. Биыл еліміз бойынша бітіруші сыныптардағы оқушылардың саны 440 мыңнан астам адамды құрайды.
⠀
📚Оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, сабақтардың икемді кестесі құрылады. Сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар саны ұлғайтылып, әрбір сынып үшін сабақ арасындағы үзілістер әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Санитарлық талаптарға сәйкес мектепке кіру кезінде білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу қажет.
⠀
📚Сондай-ақ қажет болған жағдайда педагогтердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының қалауы бойынша штаттық форматта білім алып жатқан оқушылар үшін мектепте жеке консультациялар өткізуге рұқсат етілген. Бір топта 5 адамнан артық болмауы тиіс.
⠀
@edu_news_qz