Лагердің жабылуы «Қош бол, сүйікті лагерім!»
Мақсаты: оқушылардың логикалық өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: концерттік бағдарлама.
Өтілу барысы:
Ақжібек:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын жырлағандай, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қош бол, сүйікті лагерім!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Лэйла:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, балаларыңыз «Жайдары » лагерімен қоштасқалы отыр.
Ақжібек:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметпен шақырайық,
«Жайдары » лагерінің шәкірттерін ортамызға.
(ортаға оқушылар шығады)
Лэйла:
Қош келдің деп балдырған,
Күліп шыққан алдынан.
Не үйреніп, не білдік,
Кәне, ортаға салайық
Хор: «Балдырғандар жыры»
Балалар тақпақтары:
О, достарым, «Жайдары» лагеріне келіңдер,
Әр балаға қамқор болған ортада,
Әр күннен алған ілім, білімді,
Ойларыңа оймақтай ғып тоқыңдар.
.
Ақсәуле
Қолда түрлі жел қайық,
Үрлеп-үрлеп алғанбыз.
Қалқып жүзу кезінде,
Көрген жанға арманбыз.
Күнге жетті төбеміз,
Су болмаса өнеміз.
Ыстық күнге салқын су,
Бақытты ғой денеміз.
Ақжібек:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Әже».
Аяулым
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Жанерке
Ойынқұмар балалар,
Тау мен тасты аралар.
Бақыт жырын айтамыз,
Қандай, шіркін, ай-маусым!
Маша:
Жылтыр қағаз түсі аппақ,
Балаларға ұнайды.
Ұнаған соң хат жазып,
Өлең, тақпақ құрайды.
Лэйла:
Достық нешеу?
- Достық екеу.
- Біреуі адал достық.
Екіншісі амал достық.
Адал достық - өмірлік нұсқа болады,
Амал достық өрісі қысқа болады- демекші келесі кезекте «Достық» әні орындайтын
Лидия
Жадырай қарап, күн күлігі,
Жер беті гүлмен жайқалды.
Жайлаудың түнін таң түріп,
Жаз жыры ерте байқалды.
Лэйла:
Бүгінгі қуаныш, шаттық күні,
Шалқысын жастық шақтың алғыр үні.
Айтылар сөз ағылған ән мен жырдан,
Өрнектелсін Қарашоқының әрбір күні, - дей келе, келесі кезекте –
Ән: «Ертегілер» орындайтын « Қыздар тобы»
Ақжібек:
Сіңіріп қазағымның бар дастанын,
Талай-талай тарихын, мол дастанын.
Қазақ биін барынша түрлендіріп
Шығарыпты көршілес қандастарым.
Зейін қойып, сол биге тамсанайық,
Сахынаның төріне қол соғып екі қызды шақырайық!
«Қазақ биі» орындайтын «Қыздар тобы»
2-жүргізуші:
Ойын: «Сөз тапқыш»
Шарты: қойылған сұраққа әр бала өз әріпінен басталатын сөз айтуы керек.
Кеше қайда болдың?
Атың кім?
Қазір қандай сабақ?
Үстел үстінде не жатыр?
Жазда не болады?
Есік қаққан кім?
Ән айтқан кім?
Сандықта не жатыр?
Қай қалаға бардың?
Неден қорқасың?
Ақжібек:
Әке – асқар тау,
Ана – ағып жатқан бұлақ,
Бала- жағасындағы құрақ – демекші, ---------------орындауында
«Әкешім, анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Лэйла: Көрермендермен ойын. «Портфель». Ойынның шарты: 2портфель дайындалады, әр қайсысының ішінде 5 заттан және осы заттардың сабаққа не үшін қажет екенін түсіндіру.
Бар бала сүйеді,
«Айгөлек» - досым деп.
Үлгі еттің жақсыны,
«Қатарға қосыл» деп.
Бүгінгі «Қош бол, сүйікті лагерім» атты іс-шараны аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Ән: «Ақ көгершін» орындайтын хор.
«Асфальттағы суреттер» сурет
Сайысының мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қасиеттерін шыңдай отыра асфальтта сурет салғызу.
Эстетикалық қабілеттерін арттыра отыра, ой –өрісін дамыту.
Ұжымдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелей отыра, бейбітшілік өмірді бейнелейтін суреттер салғызу.
Қажет –құралдар: түрлі-түсті борлар, шүберек, А4 қағазы, қалам, шарлар.
Барысы:
1 Ұйымдастыру.
Сайыс сабағының мақсатын атап өту, қатысушы балаларды таныстыру.
Әр оқушыға таңдап алған шарлары бойынша нөмірлер тағайындау.
№ 1 «Айгөлек» тобы
№ 2 «Айгөлек» тобы
№ 3 «Талапкер» тобы
№4 «Талапкер» тобы
№ 5 «Балдырған» тобы
№ 6 «Балдырған» тобы
№ 7 «Жасұлан» тобы
№ 8 «Жасұлан» тобы
Берілген 30мин көлемінде оқушылардың қиялдаған суреттерін асфальт бетіне түсіру.
Қортындылау:
Әр оқушы өз жұмысын қорғай отыра, салған суретімен таныстыру. Жеңімпаз оқушыларды марапаттау.