"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Новорыбинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  села Новорыбинка отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 оқу жылы (Тәрбие жұмысы)

Бөлім. Жаһандану жағдайында білім алушылардың зияткерлік, патриоттық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;

4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;

7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізіледі. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы білім алушылардың өзін-өзі тануын, өзін-өзі дамытуын, әлеуметтік жауапкершілігі мен әлеуметтенуін қалыптастыруға ықпал етеді. Тәрбие жұмыстары жүйесін білім беру ұйымының жалпы ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Жоспарды жүзеге асыруға мектептің күзет қызметі мен техникалық қызметкерлерінен бастап, мұғалімдер мен директордан аяқтап, барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Әкімшілік мүшелері, мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер, ата-аналар және басқалар өздері оқушыларға еліктеудің үлгісі бола отырып – зиянды әдеттерсіз, балаларға және бір-біріне мейірімді; қарым-қатынаста ашық және сынамайтын құндылықтар дарытады.

Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен – тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта жүзеге асырады.

Білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуға бағытталған тәрбие жұмыстарына оқу, сабақтан тыс және қоғамдық маңызды жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Білім алушыларды тәрбиелеу бағдарламасы шеңберіндегі әр түрлі іс-әрекеттерінің мазмұнын кіріктіру тәрбие беру мұраттары мен құндылықтары негізінде жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.

Орта білім беру ұйымындағы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша жүзеге асырылады, олар келесі құндылықтар жүйесін құрайды:

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие: патриотизм, Қазақстан, Отан, халық; құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығы; адамаралық және топаралық төзімділік құндылығы; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығы; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципі, құқықтық мәдениет.

Қазіргі уақытта тәрбие жұмысының негізін Елбасының адамгершілік мұрасы «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары құрайды. 2020-2021 оқу жылдарында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы, ауыл, қала, көше мен елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар тарихын зерттейтін «Тарих тағылымы», ақындар, жыраулар, күйшілер шығармалары арқылы ұлттық фольклорды зерттейтін «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары енгізілген «Ұлы Дала мұрагерлері» жобасы жалғасын табады.

2017 жылы тізімі бекітілген «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүргізу білім алушылардың 100 жалпыұлттық киелі жерлер туралы білімін бекіте түседі.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын оқыту. Білім алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату келесі материалдарда көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар;
  • «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): «Әлеуметтік –тарихи тәжірибе» бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар;
  • «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар;
  • «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдар;
  • білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. (https://www.nao.kz)

Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуда әскери-патриоттық клубтар жүйелері, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, оның ішінде «Жас қыран», «Жасұлан», «Жас сарбаз» үлкен рөл ойнайды.

Осыған байланысты, орта білім беру ұйымдарында Жас қыран» (1-4 сыныптар), «Жас Ұлан» (5-10 сыныптар) балалар мен жасөспірімдер қозғалысы қатарына білім алушыларды кең ауқымда тартуды ұйымдастыру қажет. Жалпы орта білім беретін мектептерде балалар мен жасөспірімдер қозғалысын кеңінен насихаттау мақсатында мектептегі өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту және Мектеп комитетінің жұмысын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы («Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, https://www.nao.kz.) үлгісінде құру ұсынылады.

Мектеп комитетінің қазіргі құрылымы білім алушы қызметінің негізгі салаларын көрсетеді және ол 7 бағыттан тұрады: «Зерде» - білім алушылардың зияткерлік дамуы, «Руханият» - рухани-адамгершілік даму, «Салауат» - спорттық жағынан дамуы, «Отан» - патриоттық тәрбие беру, «Жеті жарғы» - құқықтық білім беру, «Экоәлем» - экологиялық білім, «Еңбек» - еңбек тәрбиесі. Едәуір белсенділік танытқан оқушыларды көтермелеу үшін жыл сайын «Жыл оқушысы», «Үздік Ұланбасы» байқауларын ынталандыру мақсатында өткізу ұсынылады.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға жауапты аға тәлімгерлердің біліктілігін арттыру үшін www.zhasulan.kz сайтының «Аға тәлімгерлердің қоржыны» https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14. бөліміне аға тәлімгерлердің жұмыстарын ұйымдастыруға арналған авторлық әдістемелік ұсынымдар мен құралдар орналастырылған.

Жалпы білім беру ұйымдары «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қозғалысымен тығыз байланыста болуы және олардың облыстық, республикалық іс-шараларына белсенді түрде қатысуы керек.

Жаңа оқу жылында патриоттық тәрбие аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған нақты және маңызды патриоттық шаралар бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл - еліміздің тәуелсіздігі үшін күресте қаза тапқандарды еске алу, ардагерлермен кездесу, көрмелер, әскери-патриоттық әндер конкурстары, әскери-патриоттық тақырыптағы әдебиеттер оқу, бейнефильмдер қарау, ҰОС-на қатысқан туыстары, жерлестері туралы материалдар жинау, әлеуметтік акциялар. және т.б.

Едәуір өзекті құқықтық тәрбие орта мектептің жоғары сыныптарында оқитын жасөспірім жастағы білім алушыларға арналған. Бұл қиын кезеңде баланың сенімі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Уақытында тәрбиелік және алдын алу шаралары болмаған жағдайда, жасөспірімнің заңға қайшы әрекеті әдетке айналуы мүмкін. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Жоғары сынып білім алушыларын тәрбиелеудің басты мақсаты – заңды мінез-құлықты қамтамасыз ететін құқықтық сананы қалыптастыру.

Жасөспірімдерге білім берудің негізгі формалары сынып сағаттары, лекциялар; экскурсиялар; әңгімелер; кино, теледидар; кештер; пікірталастар, баспасөзді, фильмдер мен кітаптарды, мақалаларды талқылау; көрнекі үгіт-насихаттар болуы керек. Жоғарғы сыныпта оқушыларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, заңсыз мінез-құлық үшін жауапкершілік туралы түсіндіре отырып жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау керектігін баса айтқан жөн. Білім алушыларды «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексімен және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен таныстыруы қажет. Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша зерттеу мәселесіне айрықша назар аудару қажет.

Білім алушыларға құқықтармен қатар міндеттемелердің де бар екендігін және білімсіз құқықтық мәдениетті дұрыс қалыптастыру қиынға соғатынын түсіндір керек. Білім алушыларға құқықтар мен міндеттер арасындағы байланысты көрсету керек. Заңдарға құрметпен қарауды қалыптастыру маңызды. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдарды зерделеп, заң бойынша әркетке баруды мүмкіндігінше үйрету қажет. Заңдарға сәйкес өмір сүру әдеті бала кезінен қалыптасуы керек – мұғалімдер мен ата-аналар өздерінің өнегесімен мемлекетте белгіленген ережелерге толықтай сәйкес келетіндігін және құрметтейтіндігін көрсетеді. Мектеп пен ата-аналар балалардың қоғамға қайшы әрекеттерден бас тарту мәдениетін тәрбиелеі тиіс.

Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі формалары - оқыту, насихаттау, құқықтық практика, өздіінен білім алу тәрбиелеу, жекелеген тәрбие жұмысы. Қазіргі педагогикадағы құқықтық тәрбие әдістері сендіру, мәжбүрлеу, жеке мысал келтіру, көтермелеу арқылы көрінеді. Құқықтық мәдениетті тәрбиелеу өз әрекеттері үшін заңды жауапкершілікке тартылуға дайын тұлғаны қалыптастырады.

Білім алушылардың психикалық денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, мектептердегі зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің (бүгінгі таңда бұл проблема жасөспірімдер ортасында кездеседі) алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Осы көрсеткішке әсер ететін факторлардың қатарында жаһандану мен интенсификацияның заманауи дәуіріндегі жастардың көптеген міндеттері мен проблемалары, отбасы мен мектептегі тәрбиенің жетіспеушілігі, Интернеттегі жағымсыз ақпараттың көп таралуы бар. Суицидтің алдын алу жұмыстары жүйелі және үздіксіз болуды қажет етеді. Оған тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-аналар жиналыстары, сурет көрмелері, эссе конкурстары сияқты жұмыс түрлерін қамты тиіс. Бұл бағытта «Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген видеоматериалдар (сайттарға сілтеме: https://zhastar.org/application/ parentspage https://zhastar.org/ application/studentspage#1) педагогтар мен ата-аналардың зор қызығушылығын тудырады. Мәселен, ҚР ДМ-нің психикалық денсаулық бойынша республикалық ғылыми-практикалық орталық директоры Николай Негаймен сұхбаттар негізінде «Суицид дегеніміз не?», «Суицид себептері қандай?», «Суидцидтік жүріс-тұрысқа әкелетін себептер» және тағы басқа сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен қатар, психологтар мен психиатрлардың жасөспірімдердің мінез-құлқында суицидалдық қауіптің белгілері мен сипаттамаларын анықтап оған дер кезінде көмек көрсету туралы кеңестері айтылады.

Ұсынылған материалдардың құндылығы олардың қазіргі жастар мен білім алушы жастардың арасында жиі кездесетін мәселелерді көрсетеді және түбегейлі шешуді қажет ететіндігінде. Бұл жасөспірімдер арасындағы «буллинг», «кибербуллинг», психикалық денсаулықтың, репродуктивті денсаулықтың, ментальды денсаулықтың және т.б. бұзылуы. Бейнежазбалардың мазмұны, форматы мен ұзақтығы, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімділігі, шынайы өмірдегі жағдаятттық мысалдар, көпаспектілігі бейнематериалдардың тартымды жақтары болып табылады. Бейнежазбалар білім беру процесінің барлық қатысушыларына: ұстаздарға, білім алушыларға және ата-аналарға, сонымен қатар білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтері мен мектептердің татуластыру қызметтеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бұл бейнематериалдар 2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ мазмұнында өзекті болып табылады. Мұнда буллингтің жолын кесу, «тәуекел тобына» кіретін балаларды анықтау және оларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында психологиялық қызмет күшейтіле түседі.

Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ұшыраған балалармен жұмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралмандар - балалары; мигранттар-балалары; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік ұсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz.

  1. Рухани-танымдық тәрбие: адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде абырой мен қадір-қасиет, Отанға мінсіз қызмет көрсету және ерлік сабақтарын өткізу рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеудің едәуір тиімді де мақсатқа сай құралының бірі волонтерлік болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Қазақстанда «Волонтерлер жылы» болып жарияланды.

Осыған байланысты JasUlanTeam (қызметі туралы Ереже бар), республикалық волонтерлік штаб үлгісінде волонтерлік клубтарды жетілдіру қажет. Әрбір мектепте аймақтың және мектептің номерімен аталатын волонтерлік клуб құру керек, мысалы, «JasUlanTeam Kyzylorda 31», «JasUlanTeam» сөзі волонтерлік қозғалысты, Kyzylorda – аймақты, 31 – мектеп номерін білдіреді. Осылайша, мектепте бірыңғай волонтерлік қозғалыс құрылатын болады.

Орта білім беру ұйымдарында «Қоғамға қызмет» волонтерлық әлеуметтік жобасын - «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамдарға қуаныш сыйла» акцияларын және т.б. жүзеге асруға білім алушыларды кең көлемде тарту керек. Сонымен қатар, мектептер экологиялық, спорттық, мәдени, азаматтық-құқықтық волонтерлықтың өмірге енуіне бастамашы болуы тиіс. Білім беру ұйымдарында волонтерлік қызметті ұйымдастыру туралы жеткілікті ақпарат Астана, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019 ж. «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайда білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік ұсынымдамасында берілген. https://www.nao.kz.

Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда кездесу-кештері, «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары» әдеби кештері, «Сұлулық әлемді құтқарады» поэзиялық кештері, «Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» әдеби-музыкалық композициясы, «Махаббат – адам өмірінің негізі», «Қайырымдылық жасампаз күш» адамгершілік-рухани мазмұндағы сынақтар және әңгімелер айтарлықтай маңызға ие болады.

Жаңа оқу жылында Ұлы қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Абай шығармаларынан онлайн конкурс, үздік жұмыстарды тарату, әлеуметтік желі арқылы шығармаларын орындау, жобалық жұмыстар, баяндамалар, тақырыптық салтанатты сапқа тұру, әдеби оқулар, «Абай өз халқының және барша адамзаттың баласы» тақырыптық викториналар мен ұлы ойшылдың шығармалары бойынша білімпаздар байқауын өткізетін бұқаралық іс-шараларды жалғастыру ұсынылады.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен арттыру: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру» жобалары арқылы жүзеге асырылады.

2020-2021 оқу жылында кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында («Кітап оқу сәні») оқушылар арасындағы кітап оқу сағаттары сақталады. Тиімді нұсқалардың бірі ретінде педагогтарға сабақтың басында әдеби кітапты күнделікті оқыту тәжірибеге айналдыру ұсынылады.

Кітап алмасу үшін арнайы орындар – буккросинг, білім аулшылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар мен білім алушылар) кітапқа деген жалпы қызығушылығы негізінде, кітап көрмелері мен кітап өнімдеріне қоғамдық шолу жасау үшін арнайы орындар ұйымдастыру; «Оқымысты мектеп» конкурстары, кітапханаларға кітаптарды өз еркімен тапсыруға арналған қайырымдылық акциясы; білім алушылардың кітапхана қызметкерлерімен кездесулері, сонымен қатар отбасылық оқуға арналған кітаптардың тізімін жасау, ата-аналармен қосылып кітап оқу және талқылау, альбомдар, буклеттер, кино және бейне материалдар дайындау және т.б. маңызды.

Мектеп кітапханадан ескі кітаптарды сатуды ұйымдастыруы мүмкін. Кітапханалар – балалар мен отбасылық оқу бағдарламаларын қолдауда мектептің тұрақты серіктесі болып табылады. Мектеп кітапханасы кітап оқу апталығын өткізу үшін «Жазғы оқылым», «Кітап бәйгесі», «Отбасымен қосылып оқу» және т.б. сияқты бағдарламаларды белсенді түрде дамытуы керек, мұнда бірінші күн «Оқу және жазу мәдениеті күні» деп аталады.

Мектептің сайтында ең жақсы балалар мен мектеп әдебиеттеріне арналған түрлі қызметтер, балалар мен жасөспірімдердің оқуын белсендіру үшін ресурстар (Интернет-викториналар, ұсыныс қызметтері, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек.

Кітаптарды электронды форматта оқу мүмкіндіктерін, соның ішінде мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы балаларға әдебиет ағынын жақсы басқаруға көмектесетін және өзге балаларды кітап оқуға тартуға мүмкіндік беретін жаңа электрондық ресурстарды дамыту қажет.

3) Ұлттық тәрбие: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, үлкендерді құрметтеу, табиғатқа ұқыпты қарау; ұлт, интернационализм; тарихты есте сақтау; патриоттық рух; Қазақстан ұлттары мен халықтарының гуманистік құндылықтары; ұлттық сана-сезім.

Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу, әрбір мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту, экспедициялар, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру, «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімін және мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау) жобаларын жүзеге асыру ұсынылады

Мұғалімдер әдістемелік көмек ретінде Академияда әзірленген «100 жаңа есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» ұсынымдамаларын пайдалана алады. https://www.nao.kz.

4) Отбасылық тәрбие: толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу, туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.

Әрқашанда отбасы институты адамзат қоғамында ерекше және маңызды орынға ие болды: мемлекет отбасын сақтауға және нығайтуға мүдделі және жасына қарамастан әр адам мықты, сенімді отбасыны қажет етеді. Алайда, бүгінде ажырасулар мен тіркелмеген некелер саны өсуде, ана мен әкенің рөлі төмендеуде, қазіргі жастарда отбасын құрудың құндылық бағдарлары жүйесі өзгеруде, оның құндылықтарын меңгеріп, мойындауы азайып келеді. Сонымен қатар, өскелең жас ұрпақ үшін отбасы басымдыққа ие болып қала береді. Отбасында құндылықтардың тұрақты жүйесінің болуы жағымсыз әсерлерге қарсы тұра алады және жас ұрпақты байсалды тәрбиелеудің кепілі бола алады. Бұл жағдайда жас ұрпақ арасында отбасылық құндылықтарды ояту және орта білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасы институтының білім беру жүйесінің субъектісі ретіндегі шешуші рөлін мойындау басымдыққа ие болады

2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ сәйкес білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының маңыздылығы басым болады. «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында мектептерде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» құру қажет. Бұл мектептерді құрудың мақсаты бала тәрбиесіндегі отбасы ролін көтеру болып табылады. Балаларды рухани-адамгершілік және әлеуметтік тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің ролі әрқашанда жоғары тұрады. Ата-аналар өз балаларының әдепті және өнегелі болуында алғашқы мұғалім болып табылады. Сондай-ақ, балалардың байқау арқылы үйренетіні де белгілі. Сондықтан ересектердің үйде, мектепте және қоғамда жағымды мінез-құлық белгілерін көрсетуі өте маңызды.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша ұсынымдамалар орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмыстарында отбасылық құндылықтарды жүзеге асырудағы жетекші құрал болып табылады. Әдістемелік құрал білім беру ұйымдарында білім аулшыларға отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер, модельдер, формаларды іріктеуге көмекші құрал болады.

Жаңа форматта ата-аналарға арналған дәрістер мен ата-аналардың қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Мұғалімдердің отбасымен өзара әрекеттесу сипаты негізінен мектепке әр түрлі көзқараспен қарайтын, мектепте және сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлін көретін, балаларын отбасында басқаша өсіретін және әртүрлі интеллектуалдық деңгейге ие ата-аналардың ұстанымына байланысты.

Отбасымен және ата-аналармен жұмысты дифференцияланған түрде құру керек, бұл бәріне бірдей қарым-қатынас орнатпайды, бірақ ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, әсіресе отбасы мен отбасылық тәрбиеге назар аударып, оларды мектеп, сынып және баланың болмысына табандылықпен енгізе алады. Бұл үшін ата-аналармен және балалармен жеке әңгіме жүргізу үшін педагогикалық және ата-аналар консилиумдарын құру маңызды, оның нәтижесінде баламен жүргізілетін педагогикалық іс-әрекеттердің нақты бағдарламасы мен жүйесі үйлестіріледі. Атап айтқанда, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық мәселелер және бала тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер өткізуді қамтиды.

5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі.

Мектептегі еңбек тәрбиесі – бұл балаларды әртүрлі педагогикалық ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы жұмыс түрлеріне тарту процесі. Ол практикалық тәжірибе, еңбек дағдылары, шығармашылық ойлау және еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту мақсатында болады. Білім алушылардың еңбек тәрбиесіне түрлі іс-шараларды: қолөнер көрмесі, сыныпты тазалау, гуманитарлық көмек, көгалдандыру және мектепті абаттандыру, қолөнершілер турнирі, қайырымдылық істер апталығы, көңілді шеберлер қаласы, мектепті косметикалық жөндеу, еріктілер акциясы, шефтік көмек, қамқорлық алаңдары, еңбек десанты, мектептің жөндеу бригадасы.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмысы мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға арналған тиімді шаралардың бірі болып табылады. Мектептерде бұл іс-шара білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқалы отырған адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады. (https://www.nao.kz)

Мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі олардың жеке мүмкіндіктерін ашуға бағытталған, атап айтқанда: үнемшілдік, іскерлік, қоршаған ортаға құрмет «Көркем еңбек», география, математика, физика, биология және химия, «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» сияқты оқу пәндерін оқу арқылы жүзеге асырылады.

Экономикалық тәрбиенің арқасында мектеп оқушылары экономика туралы, экономикалық қатынастардың дамуы туралы, нарықтық жағдайда бағыт-бағдар таба білуге және өз қызметін экономикалық тұрғыдан жүзеге асыру қабілетіне ие болады. Сыныптан тыс сабақтарда экономикалық сананы көтерудің негізгі құралдары мен формаларына тақырыптық сынып сағаттары, экскурсиялар, пікірталастар, рөлдік ойындар және т.б. жатады. Мысалы бұған «Іскерлік қарым-қатынас этикасы», «Жарнама жасау өнері» сынып сағаттары, кәсіпорындарға экскурсиялар, «ХХІ ғасыр менеджері», «Жаңа басшы нені білуі және не істей алуы керек?» тақырыбындағы пікірталастар; «Кәсіпорындардағы даулы жағдайларды шешу» рөлдік ойыны және т.б. жатады.

Экономикалық тәрбие экономикалық ойлаудың дамуын, экономикалық қызметте қалыптасатын адамгершілік және іскерлік қасиеттердің қалыптасуын, яғни: қоғамдық белсенділік, шешімталдық, бастамашылдық; қоғам игілігіне қамқорлық, адалдық; технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңарту, жоғары сапа, жеке табыс және әл-ауқатты қамтамасыз етуі керек.

Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны құрметтеу кешенді тәрбие іс-шараларының жиынтығы арқылы жүзеге асырылуы керек. «Менің Эко-мектебім» жобасының аясында өсімдік түрлерінің әр түрлілігін және декоративті-өсетін өсімдіктерді (биоәртүрлілікті) көбейту; үйде және оқу орындарында энергияны тұтынудың құрылымы және оны азайту жолдары (энергияны үнемдеу); мектепте және үйде суды үнемдеп пайдалану мүмкіндіктері (суды үнемдеу); қоқыстардың пайда болу көздері, оны азайту жолдарын анықтау, қоқыстарды бөлшектеп жинауды енгізу (қалдықтармен жұмыс) әдістерін зерттеу ұсынылады.

Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жандандыру маңызды, олар: іс-шаралар, көрмелер, мектеп пен айналаны көркейту, экологиялық бастамалар, жергілікті тұрғындарға экологиялық білім беру. Білім алушыларға экологиялық білім берудің ең тиімді нысаны – Эко-фестиваль өткізу: ғылыми жобалар, эко-ізденістер, көркемдік нысандарды қоқыстардан қорғау бойынша семинарлар, қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды қорғау, театрландырылған қойылымдар, эко-материалдардан, мүмкін қайта өңделген материалдарды қолдану арқылы өнімдер шығару.

Экологиялық тәрбие негізіне білім алушылармен білім беру ұйымдары, аудан, қала аумағындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Жалпы білім беру ұйымдарының іс-шараларына «Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең жасыл кабинет», «Жасыл» алтын», Плоггинг «Экожүгіру» және т.б. осы тәрізді жобаларды ауқымды түрде енгізу ұсынылады.

6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие: эстетикалық сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын көркемдік-эстетикалық қабылдау.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие мектепте өзге мәдениеттердің, ұлттардың, діндердің өкілдерімен толерантты қарым-қатынас орнатуға бағытталуы тиіс. Бұл бағытты іске асырудың негізгі тетіктеріне: Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру; балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмелерін, халықтар достығының фестивальдерін, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру. Жыл сайын тәрбие жұмысының жоспарына білім алушыларды көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиелеу шараларын енгізу ұсынылады (төзімділік сабақтары, Жер күніне арналған акциялар, Халықаралық бейбітшілік күніне арналған бір сағаттық ақпарат және т.б.).

Көркем-эстетикалық тәрбие аясында орта білім беру ұйымдарында отандық мәдениет жетістіктерін – кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық әуендер, халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мұралары – ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды, өсиеттерді, эпостарды меңгеру және жетілдіру жатады. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.

Театр өнері арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие балаларға адамның іс-әрекеттерін қалыптастыратын әрекеттерді қабылдау, түсіну және түсіндіру шеберлігін қалыптастыруға негіз болатын, оның көркем тілімен танысуға көмектеседі. Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту үшін әр мектепте «Балалар мен театр» ағартушылық жобасын жүзеге асырудың маңызы зор.

7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу: білімнің құндылығы; зияткерлік позицияның құндылығы; әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығы; ақпараттылық мәдениеті, кибермәдениет және кибергигиена.

Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық, ішкі жан-дүние интеллектісін дамытуға бағытталуы керек.

Сонымен қатар, зияткерлік тәрбие түйіні білім алушының эмоциялық зияткерлігін қалыптастырушы болуы қажет. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және де суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында әзірленген мұғалімдерге арналған әдістемелік құралы әдістемелік ұсыным ретінде ұсынылады (3 модуль. Эмоциональды интеллект және тұлғааралық қарым-қатынас) «Bilim Foundation», 2017.

Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін, әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сонымен қатар ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру мектепте тәрбие жұмысының маңызды компоненті болып табылады.

«Ұшқыр ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушыларды ой толғауға, талдауға және сыни тұрғыдан ойлауға, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретеді. Пікірсайыс жоғары сыныптарда интеллектуалды сайыс ретінде сабақ және сабақтан тыс шараларды өткізуге өте қолайлы. Қазіргі әлемде пікірталастар саясат, бизнес, қоғамдық қызмет, білім, психология және т.б. әр түрлі салаларда танымал бола түсуде және табылуда.

Білім алушыларға интернет кеңістігіндегі мінез-құлық мәдениетін; қарым-қатынас мәдениетін, өз ойларын білдіру, сұхбаттасушының пікірін құрметтеу және этикалық нормаларды сақтауды дарыту маңызды. Оқушылардың өзін-өзі басқару аясында балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі мінез-құлықы және қарым-қатынасын қарастыруды тәжірибе жүзінде қолдану маңызды. Отбасы мен мектептің өзара әрекеті «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 02 шілде 2018 жылғы №169-VI Заңы аясында балалардың зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын кейбір Интернет-сайттарға кіруін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарларына кибермәдениет пен кибергигиена бойынша іс-шаралар, оның ішінде киберқауіпсіздік және білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы іс-шараларды енгізу қажет.

Кибер-гигиена көбінесе жеке гигиенамен салыстырылады. Адам денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау үшін жеке гигиенаның белгілі бір әдістерін қолданатын сияқты, кибер гигиена әдістері деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, оларды сыртқы зиянкестерден, мысалы, зиян келтіретін бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.

Мектеп партасынан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, балаларды киберқауіпсіздікке оқыту керек, мұнда олар хакерлердің желілік шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дағдыларды үйренеді. Ұлыбританияда сабақтар онлайн режимінде де, аптасына төрт рет өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарда да өткізіледі. Білім алушылар киберқауіпсіздіктің шынайы мәселелерін және оларды шешу жолдарын қарастырады. Бағдарлама 14 пен 18 жас аралығындағы білім алушыларға арналған.

Білім алушыларға киберқауіпсіздік, кибер гигиена және кибермәдениет бойынша оқу семинарларын ұйымдастыруға арналған материалдарды келесі сайттардан табуға болады:

1. https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm-material/ cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students

(осы сайттың «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар);

2. https://www.mcafee.com/blogs/consumer/importance-cybersecurity-lessons-schools/;

3. https://eu-acerforeducation.acer.com/education-trends/cybersecurity-how-to-teach-students-to-use-internet-responsibly/;

4.

5. https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/ applicable-to-primary-secondary/it-in-edu/information-security.html (Киберқауіпсіздік бойынша Гонгонте әзірленген мектеп оқушыларға арналған PDF файлдар бар).

8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру: өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы; кәсіби іс-әрекеттің тиімділігі үшін психологиялық тұрақтылық; салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру мәдениеті құндылығы.

Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын дамыту қажет, мектеп оқушыларының қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадасын және мектеп оқушыларын жаппай спорт түрлерімен қамтуды арттыру.

Дене тәрбиесінің бірден бір міндеті республикалық көпдеңгейлі балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне және халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы дүниежүзілік Гимназия) қатысуға білім алушыларды кеңірек тарту қажет.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегудің алдын-алу және негізінен салауатты өмір салты бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Халықаралық және ұлттық жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша дайындалған келесі материалдар Академияның сайтында орналастырылған:

1) Білім аулшылардың репродуктивті денсаулығы мен отбасылық тәрбие құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

2) Әдіскерлер мен мұғалімдерге арналған, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар орналастырылған: «Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту және тәрбиелеу процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар», «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша әдіскерлерге арналған нұсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі компоненттері кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері: «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Табиғи апаттардың қаупін азайту», «Киберқауіпсіздік», «Балалардың жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық қауіпсіздік».

3) Ұлттық дәстүрлер мен халықтың менталитетін ескере отырып, отбасылық тәрбиенің республикалық әдістемесі.

Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде мегапроект ретінде, өзекті жоспарлау формасын пайдалану ұсынылады. Оның ішінде ортақ мақсат біріктірілген және оларды орындау уақыты бір-бірімен байланысты жобалар енгізілген. Жобалар шеңберіндегі іс-әрекеттің сәттілік шарттарының бірі – сынып жетекшісінің жүргізіліп жатқан барлық қайта құрудың маңыздылығын түсінуі, олардың оқу-тәрбие үрдісіндегі қызметіне өзіндік талдау жасай алуы.

Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгей ескерілуі тиіс. Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білімге ие болуы және әлеуметтік шындық пен күнделікті өмір туралы алғашқы түсінік қалыптастыруы. Екінші деңгей – бұл қоғамның негізгі құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, бейбітшілік, білім, жұмыс, мәдениет) және жалпы алғанда әлеуметтік шындыққа құнды көзқараспен қарау және тәжірибе жинақтауы. Үшінші деңгей – білім алушының әлеуметтік әрекеттерді өз бетінше тәжірибе жинақтауы. Мына әдістемелік ұсынымда критериилері көрсетілген: «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің өлшеу критерийлері (бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») әдістемелік ұсыным Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 120 б.

Білім беру мен тәрбиелеудің құндылықтарға негізделген тәсілі мектептің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мектептің климатында, мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында көрініс табатын болады.

Төтенше жағдай кезінде тәрбие жұмысын ON-LINE – форматта ұйымдастыру ұсынылады.

1-контент. Онлайн – көрмелер:

  • «Оқуға кеңес береміз». Мектептің сайтында аудиокітаптар орналастыру, https://docs.google.com/document/d/1anGJcl_zPgjxez 88lVyXyyxpBpAIGWSPIA05PK6C7oA/edit эл. поштаның көмегімен балаларға арналған газеттер мен журналдарды қолдану. Формасы – талқылау нәтижесі бойынша кітаптың кез келген бетіне иллюстрация жасау, «бұл кітапты оқуға арналған 3 себеп» кеңесі және басқалар;
  • «Әлемдік мұра нысандары» жас суретшілер көрмесі. Формасы: Қазақстанның үш нысанының суретін салу: Тамғалы петроглифтері, Х.А.Яссауи мавзолейі, Батыс Тянь-Шань табиғи нысаны. (Нысандар Қазақстанның 100 киелі жерлері тізімінен анықталады). Суреттерді мектептің инстаграм парақшасында жариялау.

2-контент. Виртуальнды экскурсиялар:

  • Әлемдік онлайн-музейлер/видеоспектакльдер/балеттер/опералар: Эрмитаж, Ван Гогтың Амсердамдағы музейі, Өнер тарихы музейі, Уффици сандық мұрағаты, Лувр, мемлекеттік музей (Санкт-Петербург), Британ музейі, ресми YouTube каналындағы музей және экспозициялар бойынша виртуалды экскурсиялар, Прадо, 11 мыңнан астам шығармалардың суреттері, суретшілер бойынша ізденіс (алфавиттік көрсеткіштермен) және тақырыптық ізденіс, Метрополитен – музей, Нью-Йорк, Сальвадор Дали музейі, Metropolitan Opera, Вена операсы, Үлкен театр және басқалар. Форма: слайд-есеп, презентация және басқалар. (сайт http://journal-shkolniku.ru/virtual-ekskursii.html);

- Отанымыз Қазақстанның Символдары бойынша: Маңғыстау қорымы - Сисем-Ата - батырлар пантеоны, Шопан-Ата жер асты мешіті, Бекет-ата мешіті, Ахмет Яссауи мавзолейі, Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі, Адай атаның қазақстандық мавзолейі және басқа да аймақтық қорықтар, тарихи жерлер, киелі жерлер және т.б. бойынша виртуалды турлар.

3-контент. Салауатты өмір салты (СӨС) бойынша онлайн-ағарту:

  • «Желілі қала», вайберде немесе басқа мессенджерде топ құру арқылы. СӨС насихаттау формалары – онлайн-викториналар, веб-квестер - «Флэшмоб» веб-квесті, Денсаулық күніне арналған веб-квест, «Денсаулық» қазынасын іздеу» квест-ойыны, «Дұрыс тамақтану» квест-ойыны және басқалар.

4-контент. Кино әуесқойларына арналған кинозал:

- бағдарлама әдеби шығармалардың келесідей фильмографиясын қамтуы мүмкін: «Біздің заманның батырлары», «Сергей Есенин», Одиссей «Язаон және аргонавтар», Р.Стивенсон «Қазына аралы», Р. Стивенсон «Қара жебе», Жюль Верн «Он бес жасар капитан», А Линдгрен «Ленебергиден келген Эмиль», ағайынды Гриммдердің ертегілері бойынша түсірілген фильмдер және басқалар (сайт https://gunfighterar.wixsite.com/mysite-1/blank-5; https://www.film.ru/articles/ot-moskvy-do-berlina?page=show);

- қазақстандық режиссерлардың танымдық фильмдері (https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%BA_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BC%D0%BE%D0%B2_%D1%81%D1%82%D1%83%D0%B4%D0%B8%D0%B8_%C2%AB%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%84%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BC%C2%B)

5-контент. «Сынып Қонағымен бір сағат» онлайн – платформасы:

- танымал спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен, кәсіпкерлермен, әртістермен, волонтерлармен, журналистермен, стилистермен тікелей эфирдегі кездесулер (сайт https://vk.com/klassnye_vstrechi).

6-контент. «VISION» өзін-өзі басқару онлайн аумағы:

- мектеп өміріндегі оқиғалар туралы – білім алушылардың өздері ұсынатын түрлі сайыстар, конкурстар, жобалар, фотофлешмобтар, акциялар.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми қызметкерлері әзірлеген барлық әдістемелік материалдарды Академия сайтынан https://www.nao.kz «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады.

      

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ЮНЕСКО-ның зерттеу жұмыстары аясында әзірленген халықаралық басылымдар үлкен әдістемелік көмек көрсетеді.

Материалдар https://iite.unesco.org/ru/ электрондық адресі бойынша сайттың («Басылымдар» бөлімінде) орналастырылған.

 

 

Жаңартылған күні: 23.09.2020 21:35
Құрылған күні: 23.09.2020 21:35

Текст